Жаңадан тағайындалған әділет министрі президентке есеп берді

Президент қабылдауы, Ерлан Сәрсембаев, әділет министрі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 17:00 Сурет: Ақорда
2024 жылы 20 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президентке әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ Мемлекет басшысының "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында Президент бірқатар тапсырма берді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдағаны белгілі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: