Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айтты

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2025 15:12 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанда су тасқыны мен нөсер жауынның салдарынан көптеген адамның қаза тауып, зардап шегуіне байланысты көңіл айтты. 

"Қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтып, қайғысына ортақтасамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - деп жазылған жеделхатта.

Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 365 адамға жетті, оның кемінде 300-і Пәкістанда. Бірқатар елді мекендерді су басқаннан кейін көп тұрғын із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: