Түркиядағы ұшақ апаты: Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты

Тоқаев Ердоғанға көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 22:05 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылғы 11 қарашада мәлімдеді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Әзербайжаннан Түркияға ұшып бара жатқан түрік әскери-транспорттық C-130 ұшағы 11 қараша күні Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында 20 адам болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: