Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімін қабылдады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 18 тамызда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорда, таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысының биылғы бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өңірді өркендету перспективасы жөнінде баяндалды.
"Марат Ахметжанов облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша өсім сақталып отырғанын жеткізді. Ауыл шаруашылығы бойынша, өңір ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін 1,2 триллион теңгеге дейін жеткізіп, елдің аграрлық секторының көшбасшысы ретіндегі орнын нығайтуды көздеп отыр. Биыл өнімділігі өте жоғары, соның ішінде майлы дақылдар алқабы 2,5 есе ұлғайды",- делінген ақпаратта.и
Инвестициялық жобалар:
- Аршалы ауданында республикалық маңызы бар Aqmola индустриялық аймағы құрылды;
- Жалпы құны 4 миллиард доллардан асатын инвестициялық портфель жасақталды. Осы арқылы 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарға келсек, соңғы екі жыл ішінде 4,7 мың тұрғын баспаналы болды. Бұл алдыңғы жеті жылдың көрсеткішіне тең. Кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы 29 пайызға азайды.
Сондай-ақ, Қосшы қаласында үлескерлердің мәселесі оң шешіліп жатыр.
Білім:
- Екі жыл ішінде 21 мың оқушыға арналған 33 нысан бой көтерді.
- Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық:
- Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүргізіліп жатыр;
- Көкшетауда электр қуаты 240 Мвт, ал жылу қуаты 520 Гкал/сағат болатын жылу электр орталығы салына бастады;
- Су тазарту нысандарының құрылысы аяқталуға жақын;
- Облыс орталығында тұратын 200 мың тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады;
- Жыл соңына дейін 9 елді мекенге газ құбыры тартылады.
Өз кезегінде президент Реновация бағдарламасы арқылы халықтың әлеуметтік осал тобын баспанамен қамтудағы облыстың оң тәжірибесін атап өтті.
"Егін жинау науқанын ұйымдастыру, Қосшы қаласының дамуы бойынша тиісті шараларды қабылдау, су тасқынына қарсы жүйелі жұмыс жүргізу, сондай-ақ инвестиция тарту жөнінде нақты тапсырма берді",- делінген Ақорданың ақпаратында.
Бұған дейін елімізде отандық өнім өндірушілердің саны артқандығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript