Жезқазған – Астана бағытындағы жолаушылар пойызы жүк вагонымен соқтығысты

КТЖ, Казахстанские железные дороги, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, расписание поездов, пассажиры, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 12:42 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 24 тамызда Жезқазған – Астана бағытындағы жолаушылар пойызының қатысуымен төтенше жағдай болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 21:38-де Жарық – Жезқазған учаскесіндегі Қызылжар – Түйемойнақ аралығында №107 жолаушылар пойызының машинисі 12 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, 300 метр қашықтықта жолда тұрған жүк вагонын көргендіктен, пойызды шұғыл тоқтатуға мәжбүр болған.

"Локомотив бригадасының жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында үлкен зардаптың алдын алынды, дегенмен қатты түйісу болды. Құрбандар жоқ, бірақ кенет тежелудің салдарынан кейбір жолаушылар жеңіл жарақат алды. Пойыз сағат 23:14-те қайта жүріп кетті. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотивке зақым келмеді", – делінген ақпаратта.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия оқиға орнына шықты.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі келесідей түсініктеме берді.

"24 тамызда Көліктегі полиция департаменті Жезқазған – Астана бағытындағы жолаушылар пойызы мен жүк құрамының соқтығысуына байланысты Қылмыстық кодекстің "Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Құрбандар жоқ".

Бұған дейін Қарағанды облысында болған жол апатында үш әйел зардап шеккенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: