Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 15:00 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен министр Такеши Ивая сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда мәліметіне сүйенсек, олар халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастық жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, оның Астанаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін беретінін атап өтті.

"Жапония – Азиядағы сенімді әрі жақын серіктесіміз. Біз Токиомен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береміз. Премьер-министр Ишибаға ыстық ықыласымды жеткізуді сұраймын. Премьер-министр Шигеру Ишиба Қазақстанға ресми сапармен келмекші. Біз оның сапарын асыға күтіп, дайындалудамыз. Өзара қарым-қатынасымыз жоғары қарқынмен дамып келе жатыр деп сеніммен айтуға болады", – деді Президент.

Такеши Ивая қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне ризашылығын білдірді.

"Сіздің сәлеміңізді Премьер-министрімізге міндетті түрде жеткіземіз. Қазақстан мен Жапония – халықаралық тәртіпті күшейтуге мүдделі стратегиялық серіктестер. Менің бұл сапарым екі ел арасындағы байланысты одан әрі дамытуға жол ашады деп ойлаймын", – деді Жапония Сыртқы істер министрі.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Такеши Ивая халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде әңгімелесті.

Бұған дейін Тоқаевтың Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: