Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласына барды

Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласына барды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2025 14:00 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, бүгін "Инбингуань" мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді.

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Сурет: akorda.kz

Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытай Халық Республикасына баратынын хабарлаған едік.

30 тамызда ағылшын тіліндегі China Daily газеті Тоқаевтың мақаласын жариялады. 

Мақала Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің дамуына және Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін арттыруға арналды. China Daily газетінің жалпы таралымы 700 мың данаға бағаланады. Басылымның баспа, электронды және мобильді нұсқаларын әлем бойынша 350 миллионнан астам адам оқиды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: