Таразда 1 қыркүйек күні мектеп оқушысын өлтіріп кетті

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 16:34 Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 1 қыркүйекте Тараз қаласында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, оның барысында мектеп оқушыларының бірі пышақ жарақатын алып, қайтыс болды. Zakon.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Желідегі мәліметтерге сүйенсек, жанжал тұрмыстық себептерден туындаған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға мектеп аумағында болмаған және жасөспірімдер бір-бірін бұрын танымайтын.

Аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады.


"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және жедел шаралар кешені жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: