Түркияда 70 млн теңгеге автокөлік иелерін алдаған қазақстандық ұсталды
Фото: pexels
Ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген қазақстандық отанына қайтарылды. Бұл туралы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство дерегінше, 2023 жылы Шымкент қаласында қылмыскер өзге адамдармен алдын ала сөз байласып, интернет-платформаға нарықтық бағадан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар орналастырған.
"Нәтижесінде олардың әрекетінен 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 млн теңгеден астам қаражатынан айырылды", – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.
Бұл қылмыстың сыбайластары түрлі жазаға тартылған болатын.
Ал негізгі фигурант қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланды. 2025 жылғы тамызда ол Түркия аумағында ұсталды.
"Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Оған үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін", – деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бұған дейін Бас прокуратура Алматы облысында кәсіпкерлерді 126 млн теңгеге алдаған қылмыскердің Қырғызстанда ұсталып, отанына экстрадицияланғанын хабарлаған болатын. Енді оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript