Тоқаев "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті

Тоқаев "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасарымен кездесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2025 17:35 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы "Әл-Азһар" университеті Жоғарғы имамының орынбасары Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайнимен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Президент мейманға ілтипат танытып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келгеніне ризашылық білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев "Әл-Азһар" ұстанымдары еліміздің бейбітшілік саясатына толық сай келетініне, оның бастамалары жалпы адамзат өркениетінің бірлігін нығайта түсетініне тоқталды.

Мемлекет басшысының пікірінше, Астанада өтіп жатқан Съезд – Қазақстанның дінаралық келісімді нығайту жолындағы табанды саясатының көрінісі. Ал діни көшбасшылардың басқосуы – жай ғана кездесу емес, нақты шешімдер қабылданатын маңызды платформа. 

Мұхаммед Абдурахман Әл-Дуайни "Әл-Азһар" университетінің Жоғарғы имамы шейх Ахмет ат-Тайебтің ізгі сәлемін жеткізіп, Съездің әлемде бейбітшілікті орнықтыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: