Алматылықтар бір мезетте жер сілкінісі туралы хабарлама алды

Ұялы телефон, дабыл белгісі, жер сілкінісі, ұлттық хабарлама, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 16:48 Сурет: pexels
2025 жылдың 21 қыркүйегінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының ұялы телефонына дабыл белгісімен қатар жер сілкінісі туралы ұлттық хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескерту хабарламасы мәтінінде былай делінеді:

"Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуацияланыңыз! Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз. Қосымша ақпарат Төтенше жағдайлар департаменті мен Алматы қаласы әкімдігінің сайттары мен әлеуметтік желілерінде".

Ескерту, дабыл, Алматы, жер сілкінісі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2025 16:48

Сурет: ұялы телефоннан суретке түсіріліп алынды

Алайда Алматыда жер сілкінісі болғаны туралы деректер жарияланған жоқ. Zakon.kz редакциясы Алматы қалалық ТЖ департаменті ресми сауал жолдады. Ведомствоның баспасөз қызметі сейсмологтардан ешқандай деректер түспегенін айтты.

"Сабыр сақтауларыңызды сұраймыз. Сейсмологтардан ешқандай ақпарат келіп түскен жоқ", деп жазды баспасөз хатшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: