Автоматтар мен мыңдаған оқ-дәрі: Қазақстанда ҰҚК 12 өңірде арнайы операция жүргізді

Қазақстанның екі қаласы мен 10 облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеуге бағытталған арнайы операциялар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 12:27 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның екі қаласы мен 10 облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеуге бағытталған арнайы операциялар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жедел-іздестіру іс-шаралары 2025 жылғы қыркүйек айында Алматы және Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілген.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 62 бірлік қару тәркіленді.

Оның ішінде:

  • 3 Калашников автоматы,
  • 16 тапанша,
  • 43 мылтық,
  • 4 граната және
  • 4 мыңнан астам оқ-дәрі бар.

Сонымен қатар, 2022 жылғы қаңтар оқиғасында ұрланған 10 қару анықталды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Аталған деректер бойынша тергеу-жедел шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі де ауқымды операция өткізгенін хабарлаған болатын. Бірнеше күн ішінде Қазақстанда 80 тонна улы зат пен жүздеген мың тыйым салынған таблетка тәркіленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: