Полиция бетперде тағып, үй тонағандарды ұстады
Фото: Zakon.kz
Криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылықты ашты.
12 қыркүйекте күдіктілер маска тағып, жеке үйге кірген. Шығын 500 миллион теңгені құрады.
"Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және өткен жылы Алматы қаласында жасалған екі ұқсас ашылмаған қылмысқа қатысы бары анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript