Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды
Сурет: gov.kz
2025 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Ақан Рахметуллинді Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлім етті:
"Мемлекет басшысының өкімімен Рахметуллин Ақан Ақасұлы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген хабарламада.
Ақан Рахметуллин бұл қызметті 2024 жылдың мамыр айынан бері атқарып келген.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының басқа өкімімен Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып Ержан Ашықбаев тағайындалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript