Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды

Қарағандыда есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 12:40 Сурет: ҚР ІІМ
Қарағандыда "Қарасора – 2025" жедел іс-шарасы барысында есірткі таратқан шетелдіктер ұсталды.

Қарағанды қаласында "Қарасора – 2025" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері ірі операция өткізді. Нәтижесінде есірткі таратқан екі шетел азаматы ұсталды.

Операция кезінде 29 және 39 жастағы ер адамдар қала көшелерінің бірінде қолға түсті. Тінту барысында үлкенінен әрқайсысы шамамен 0,5 грамм болатын құрамында A-PVP болуы мүмкін 11 түйіншек, сондай-ақ қосымша 0,5 және 1 грамдық 11 түйіншек табылып, тәркіленді.

Ал екінші күдіктіден телефон тексеру кезінде куратормен жазысқан хаттар мен есірткі жасырылған орындардың фотосуреттері анықталды. Көрсетілген мекенжайларға тексеру жүргізу нәтижесінде құрамында ұқсас зат бар 16 түйіншек табылды.

Күдіктілердің тұрғылықты жерінен жүргізілген тінту барысында алдын ала мефедрон деп анықталған, салмағы 0,5 грамм бір түйіншек тәркіленді.

Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында олар жасаған іс-әрекеттерін мойындады. Барлық тәркіленген зат сараптамаға жіберіліп, олардың нақты құрамы мен салмағы анықталатын болады. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: