Алматыдағы крематорий: Жаңа ақпарат жарияланды

Алматы қаласында салынған крематорий ресми түрде қала әкімдігінің бейінді ұйымының балансына өткізілді7, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2025 13:14 Сурет: wikimedia
Алматы қаласында салынған крематорий ресми түрде қала әкімдігінің бейінді ұйымының балансына өткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 3 қарашада Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) мәлімдеді.

"Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау мақсатында Алматы әкімдігі 2021 жылы салынған крематорийді қалалық әкімдікке қарасты тиісті ұйымның балансына берді. Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша әкімге нысанның баланс ұстаушысын анықтау тапсырылған болатын. Нәтижесінде 2025 жылғы 17 қазандағы әкімдік қаулысымен нысан Құрылыс басқармасының балансынан Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологоанатомиялық бюро" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының балансына өткізілді", – делінген хабарламада.

Крематорийдің ресми түрде іске қосылатын күні барлық нормативтік рәсімдер аяқталғаннан кейін жарияланатын болады.

Айта кетейік, Алматыдағы крематорийдің ашылуы бірнеше рет кейінге шегерілген. Бұған нысан пайдалануға берілгеннен кейін қолданыстағы санитарлық ережелерде крематорийлер қызметін реттейтін нақты нормалардың болмауы және баланс ұстаушыны анықтау мәселесі себеп болған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: