Батыс Қазақстанда тасжолға шығып кеткен жылқы екі адамның өліміне алып келген жол апатына себеп болды
Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 1 желтоқсан күні шамамен 18:40-та Атырау – Орал республикалық маңыздағы автожолдың 29-шақырымында жылқының жолға шығуы салдарынан өліммен аяқталған жол апаты болды. Оқиғадан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мой город басылымының жазуынша, Атырау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, Lada Priora жүргізушісі жылқыны қағып кеткеннен кейін қарсы бағыттағы MAN TGX жүк көлігімен соқтығысқанын мәлімдеді.
Оқиға салдарынан 38 жастағы Lada Priora жүргізушісі мен 35 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
"Осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, қарсы жолаққа шықпауға, жылдамдықты асырмауға және өз қауіпсіздігі мен айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз", – деді облыстық ПД өкілдері.
Бұған дейін Ақтөбеде полиция жоғалып кеткен жасөспірім мен ер адамның жұмбақ өлімін тергеп жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript