Ақтөбедегі тұзға қатысты жағдай: Сауда министрлігі мәлімдеме жасады

Тұз, Ақтөбе, тапшылық, Сауда министрлігі, мәлімдеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2025 15:57 Сурет: pixabay
Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтөбеде дүкен сөрелерінен тұздың жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болған. Бұл мәселеге қатысты сауда және интеграция министрлігі (СИМ) үн қатып, 2025 жылғы 6 желтоқсандағы жағдай бойынша соңғы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство Ақтөбе облысында "тұз тапшылығының белгілері жоқ екенін" мәлімдеді.

"Қорлар бойынша да, бағалар бойынша да жағдай тұрақты: баға өсімі соңғы екі аптада тіркелмеді, индекс бір деңгейде қалыптасқан. Ықтимал тапшылық туралы БАҚ-тағы кейбір хабарламалар шындыққа жанаспайды және халық арасында негізсіз алаңдаушылық туғызады. Әкімдік журналистермен жалған ақпарат таратуға жол бермеу бойынша жұмыс жүргізуде". ҚР СИМ баспасөз қызметі

Сауда министрлігінің мәліметінше, халықтың тұзға деген жылдық қажеттілігі 1390 тоннаны, орташа айлық көрсеткіші 116 тоннаны құрайды. Аймақты қамтамасыз ету, негізінен, отандық өндірушілер – "Аралтұз", "Ассол", сондай-ақ ресейлік "Илецкая" брендінің өнімдері есебінен жүргізіледі.

"2025 жылдың 3 желтоқсанында "Анвар" және "Дина" сауда желілері екі вагон тұз (120 тонна) алды, бұл облыстың орташа айлық қажеттілігін толығымен жабады. Өнімдер бөлшек сауда орындарына бөлініп, таратылады". ҚР СИМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ведомство атап өткендей, жолда тағы екі вагон (120 тонна) келе жатыр, келесі аптада елімізге келіп жетуі тиіс, бұл қорлардың көлемін одан әрі нығайтады.

"Сонымен қатар, теміржол көлігімен жүзеге асырылатын логистикада туындаған мәселелерге байланысты Ресейден тұз жеткізуде уақытша тежелістер байқалады, бірақ отандық өндірушілер аймақтың қажеттілігін толығымен жауып отыр".ҚР СИМ баспасөз қызметі

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, тұз бағасы тұрақты:

  • "Аралтұз": көтерме құн - 85 теңге, бөлшек саудадағы баға - 97 теңге.
  • "Ассол": көтерме құн – 54 теңге, бөлшек саудадағы баға – 62 теңге.
  • "Илецкая": көтерме құн - 48 теңге, бөлшек саудадағы баға - 51 теңге.
"Соңғы апта мен күндердегі бөлшек саудадағы бағада өзгерістер тіркелген жоқ. Қорлар мен жоспарланған жеткізілімдер аймақты толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді". ҚР СИМ баспасөз қызметі

2025 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі кеңейтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: