Сауда министрлігі картоп бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Сауда министрлігі картоп бағасына қатысты маңызды мәлімдеме жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.01.2025 19:10 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктер, сауда желілері мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілдерімен жиын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында нарықты картоппен қамту және бағаны тұрақтандыру шаралары талқыланды.

Айжан Бижанованың айтуынша, еліміздегі ірі сауда желілері, оның ішінде Magnum, Small, Anvar және "Дина", фермерлерден тікелей 1,5 мың тонна картоп сатып алу бойынша келісімшарт жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар сауда желілері өнімді шаруашылықтан өздері алып кетуге дайын.

Сурет: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі

"Әкімдіктер өздерінің қажеттіліктерін, соның ішінде сауда желілеріне арналған көлемдерді көрсетуі қажет, бұл нарықтағы сұранысты жылдам қанағаттандыру үшін маңызды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен сауда нүктелері арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды", - деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі.

Сондай-ақ ол азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру тізбегіндегі делдалдық схемаларды зерттейтін өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен бірге, бірінші вице-министр фермерлермен жұмыс жүргізуді, картоп пен басқа да өнімдердің көтерме бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелерін қарастыруды тапсырды.

Айта кету керек, биылғы жылы Сауда комитетінің өңірлік департаменттері 20 өңірлік комиссия өткізіп, оның нәтижесінде 49 заңбұзушылық анықталды. Олардың арасында картоптың әлеуметтік маңызы бар өнім ретінде сауда үстемесін 15%-дан арттыру фактілері тіркелді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: