Айжан Бижанова ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болды
Айжан Бижанова 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қайнар Академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2003 жылы "Кедентрассервис" ЖАҚ менеджері болып бастаған.
"Қазақ ақпараттық технологиялар ғылыми-зерттеу институты" АҚ Заң бөлімінің аға заңгері, бастығы, Алматы қаласы Әділет департаменті Жетісу ауданының АХАЖ және Құқықтық түсіндіру жұмыстары және халыққа заңгерлік қызмет көрсету жұмысы бөлімдерінің жетекші маманы болды, ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді, "ҚазМедТех" АҚ Заң және кадр жұмысы департаментінің директоры, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сараптаманы үйлестіру департаментінің сарапшысы, Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің басқарушы директоры, директоры қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда департаментінің директоры, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі болды.
2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.