Қайрат Балықбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

ҚР сауда және интеграция вице-министрі , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2022 10:15 Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Қайрат Такирұлы Балықбаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Білімі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2003 жылы жеке меншік компанияның менеджері болып бастаған.

  • 2006-2009 жылдары "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ құрылымында әртүрлі лауазымдарды атқарды. Әр жылдары жеке меншік ұйымдарда еңбек етті.
  • 2011-2016 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ департаментінің директоры, басқарушы директоры, ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-президенті;   
  • 2017-2018 жылдары – ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі;
  • 2019-2021 жылдары – "KazEnergy" ЗТҚ бас директорының штаттан тыс кеңесшісі;
  • 2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Еуразиялық даму банкі Цифрлық бастамалар дирекциясының басқарушы директоры қызметін атқарды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: