Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды
Фото: primeminister.kz
Тәулік ішінде әкімшілік полиция қызметкерлері 349 жол жүрісі қағидасын бұзуды анықтап, мас күйінде көлік жүргізген 6 жүргізушіні ұстады. Олардың бірі көлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізген.
Патрульдік полиция ротасының экипажы шамамен 22:10 кезінде Екібастұз қаласындағы Заводская көшесі бойында патрульдеу барысында жүру мәнері күдік тудырған ВАЗ-2115 автокөлігін тоқтатты.
Көлік жолда нақты емес, қауіпті маневрлермен қозғалып, инспекторлардың назарын аудартқан. Айта кетейік, автокөлік ішінде оның иесі де болған.
Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден масаңдықтың айқын белгілерін байқаған. Медициналық сараптама жүргізуші де, көлік иесі де есірткілік масаң күйде болғанын растады.
"Жүргізушінің көлік құралын басқару құқығы жоқ екені анықталды. Жүргізуші мен көлік иесіне қатысты материалдар толтырылып, сотқа жолданды. Еске саламыз: көлікті мас күйінде басқару — жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін аса үлкен қауіп, — деп атап өтті полицейлер.
Тәртіп сақшылары профилактикалық рейдтерді жалғастыруда және жүргізушілерді заң мен жол тәртібін қатаң сақтауға шақырады.