Түркістан облысында көпір қирады
Сурет: видеодан алынды
Қошқарата ауылдық округі аумағындағы Келес өзені арқылы өтетін көпірдің құлауына байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құдай сақтағанда, төтенше оқиғаға дейін Келес аудандық әкімдігі қам жасап үлгерген. Атап айтқанда, күндіз ғана көпірді жауып, баламалы жолдарды айқындаған.

Сурет: Келес аудандық әкімдігі
"Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алпамыс батыр және Біртілек ауылдық округтері арқылы өтетін 10–15 шақырымдық айналма жол қаралды. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы осы балама бағыт арқылы жүзеге асырылуда. Жол белгілері орнатылып, тиісті қызметтер тарапынан бақылау күшейтілді. Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген айналма жолды пайдалануды сұраймыз", делінген әкімдік хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript