Мемлекет басшысы Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда, Литва, президенті, құттықтау жеделхаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 18:01 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 16 ақпанда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:

"Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі".

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттағаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: