Тоқаев Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты
Сурет: Ұлттық банк
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 20 ақпанда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Берік Шолпанқұлов бұл қызметті 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript