Тал түсте көшеде әйелді аяусыз пышақтап өлтірген қазақстандық сот үкімімен түрмеден құтылды

СИЗО, следственный изолятор, подозреваемые, обвиняемые, подсудимые, осужденные, следствие, заключение, камера, решетка, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2026 10:07 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Шымкентті дүр сілкіндірген кісі өліміне қатысты сот отырысы аяқталды. Іс қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып, қаулы шықты. 41 жастағы әйелді аяусыз пышақтап өлтірген ер адамның психикалық есепте тұрғаны анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz басылымының жазуынша, әйелді көшеде тапа-тал түсте аяусыз пышақтап кеткен сотталушы 2022 жылдан бері психикалық денсаулығына байланысты арнайы есепте тұрады екен. Осы уақыт аралығында бірнеше мәрте медициналық ем қабылдап, мамандар бақылауында болған. Соңғы рет 2025 жылы тиісті емдеу курсынан өткен. Сонымен қатар, сот отырысында оның мүгедектігі бар екендігі анықталды.

Сот-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті қылмыс жасаған сәтте өз әрекетіне толық жауап бере алмайтын жағдайда болған. Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, мәжбүрлі түрде арнайы медициналық мекемеде ем қабылдауға жіберу туралы шешім шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, қанды оқиға қаңтар айының соңында Әл Фараби ауданында орын алған болатын. Күдіктіні ұстау кезінде ол қарсылық білдірген. Яғни полицейлерге пышақ ала жүгірген. Салдарынан құзырлы орган өкілдері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес табельдік қару қолдануға мәжбүр болған.

Айта кетейік, сотталушы бұған дейін істі болып, түрмеде жазасын өтеп шыққан. Қазіргі таңда, марқұмның артында екі қызы және жұбайы қалды. Ал, жәбірленуші тарап жағдайға қатысты сұқбат беруден бас тартты. Бірақ сот отырысында қаулымен толық келісетінін жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: