Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Сайыров: Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 2,8 долларды құрайды

Депутат үндеуі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 12:56 Фото: gov.kz
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Ерлан Сайыров Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа Қазақстанның басты әлеуметтік проблемасының бірегейі – халықтың басым бөлігінің кедейлігі туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz

Мәжіліс депутатының айтуынша, дүниежүзілік банк әлемдегі кедейліктің екі шегін қарастырған: табысы орташадан төмен елдер үшін күніне бір адамға 3,2 АҚШ доллары, табысы орташадан жоғары елдер үшін 5,5 АҚШ доллары.

Ал Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 2,8 долларды құрайды, Ресейде күніне 6 доллар.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі өте төмен болғанның өзінде, 2021 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны – ресми түрде 998 мың адам болды. Ал бейресми сарапшылар бұл көрсеткіштің 1,5 млн, одан да жоғары екендігін айтады. Өмір көрсеткендей, халықтың кедейлігі мемлекетке өте қымбатқа түседі.Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты

Бүгінде Қазақстан ең төменгі күнкөріс деңгейі әлемдегі ең төмен елдердің бірі және Нигерия, Ангола, Венесуэла, Габон сияқты елдердің деңгейінде тұр.

Ал Еуропалық елдерде кедейлік орташа табыстың 60% деңгейінде белгіленеді.

Сонымен бірге, пандемия басталғаннан бері тұрмысы төмен үй шаруашылықтарының қаржысына нұқсан келтіретін инфляцияның өсуіне байланысты әлеуметтік төлемдердің тиімділігі төмендеді.

Мысалы, Қазақстанда халықтың ең аз қамтылған 40%-ы өз бюджетінің 59%-ын азық-түлік өнімдеріне жұмсайды.

Елімізде азаматтардың төмен әлеуметтік жағдайының екі индикаторы бар ең төменгі күнкөріс шегі және кедейлік шегі. Кедейлік шегі, ең төменгі күнкөріс шегінің, яғни 36 мың теңгенің 70%-ын құрайды.

Бұл ертедегі Үкіметтердің халыққа ақшаны аз төлеу үшін істеп қойған «қулығы». Яғни, әлеуметтік көмек алғың келсе, «сіңір кедей» болуың керек. Осы тавталогияның нәтижесінде, 2020 жылы бағаның тұрақты өсуіне байланысты әлеуметтік көмекке сұраныс өсіп, зәру адамдардың саны артса да, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған адамдардың саны азайған. Бұл фактор өз кезегінде зәру азаматтардың әлеуметтік жағдайын мүлдемге тұралатып жіберді. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты

«Nur-Otan» партиясының фракциясы кедейлікпен күресу үшін Үкімет мынадай шаралар қарастыруы қажет деп есептейді.

  1. Елдегі жалпы ішкі өнім деңгейіне, халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда кедейлік шегін арттыру. Қоғам ішіндегі кедейлік туралы көзқарасқа сәйкес келетін, кедейліктің жаңа анықтамасын енгізу.

  2. Ең төменгі күнкөріс шегі мен кедейлік шегін біріктіре отырып, ең төменгі күнкөріс шегін арттыру.

  3. Екі ең төменгі жалақы мөлшерінде табыс алатын азаматтарды жеке табыс салығынан босату.

  4. Ең төменгі жалақыны жыл сайын индексациялау мәселесін шешу.

  5. Ең төменгі жалақы алатын азаматтардың жұмыссыздық бойынша сақтандыру сомасын арттыру арқылы сақтандыру жүйесін жетілдіру.

Мәселені шеше отырып, депутаттық сауалға «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес жауап беруіңізді сұраймыз.Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: