Талдықорғанда бұзық жасөспірімдердің әрекеті видеоға түсіп қалған
Сурет: видеодан алынды
13-14 жастағы жасөсіпірімдер алдымен "Биіктен шолу" әткеншегінің кабинасына көтерілуге тырысады, содан кейін олардың бірі жақын маңдағы кассаның терезесін аяғымен теуіп, сындырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 16 сәуірде сағат 23:00 шамасында орын алған.
Видеоны полиция қызметкерлері мұқият зерделеп, барлық қатысушы – төрт оқушыны анықтады.
Аталған факті сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы, яғни "Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық" және 442-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Жасөспірімдердің ата-аналары саябақ әкімшілігіне бүлінген мүлікті қалпына келтіруге уәде берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript