Нұр-Сұлтанда көшедегі біреуге телефонын бергісі келмеген жігіт 4 тісінен айырылды
Полицияға қала тұрғыны көшеде белгісіз біреу оған шабуыл жасап, ұялы телефонын тартып алғаны туралы арызданған.
Белгілі болғандай, жас жігіт сағат 23.00 шамасында Есенберлин көшесінде ұялы телефонымен сөйлесіп келе жатқан. Осы уақытта күдікті өзіне жақындап келіп, қоңырау шалу үшін телефонын бере тұруды өтінді. Жас жігіт телефонын беруден бас тартқан. Бұған жауап ретінде қаскүнем жағынан бір қойып, құны 100 мың теңге тұратын телефонын алып, қашып кеткен.
Полиция қызметкерлері ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған 34 жастағы күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.
Күдікті Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.