Алматыда Медеу ауданынан қару-жарақ жасырылған тағы бір орын анықталды
Сурет: polisia.kz
Алматыда қару-жарақ жасырылған тағы бір орын табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жолы ол Медеу ауданындағы саяжай алқабынан анықталды.
Криминалдық полиция қызметкерлері Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, бетон қоршаудың жанынан 70 метр радиуста қару-жарақ қоймасын тапты.
ҚР ҚК-нің 287-бабымен тергелетін қылмыстық іс материалдарына іс жүргізу тәртібімен 2 Макаров жүйесінің тапаншасы, тегіс ұңғылы мылтық, 512 дана әртүрлі калибрлі патрондар, оның ішінде Калашников автоматына арналған патрондар, 22 дана граната, соның ішінде әскери, сондай-ақ радиостанция тіркелді. Сонымен қатар, жасырылған орыннан өсімдік тектес және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылды. ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қылмыстық іс аясында сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript