Полицейлер Алматыдағы Медеу маңынан тағы бір қару-жарақ арсеналын тапты

қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2022 18:27 Сурет: polisia.kz
Алматыдағы ЛА-155/18 ҚАЖД ғимаратының қызметкерлеріне қару-жарақ жасырылған орын белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталған, қамауға алынған азаматтардан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің жасырылған орны туралы ақпарат алынды. Мұндай мәлімет Алматы қаласының криминалдық полиция қызметкерлеріне тапсырылды, деп жазды Polisia.kz.

Қару-жарақ пен оқ-дәрі шүберекпен оралған. Тергеу-жедел тобы револьвер, шолақ мылтық, патрондар, гранаталар, түтін гранаталарын тәркілеп, оларды ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарына қосты. Табылған заттың тиесілілігі сот-баллистикалық сараптама арқылы анықталады.

Мекемеміздің жедел бөлімінің қызметкерлері КПБ және Медеу аудандық Полиция басқармасындағы әріптестердің көмегімен Медеу трактіне апаратын орман белдеуінде жасырын қойманың орналасқан жері анықталды. Күдіктілер қару-жарақ пен оқ-дәрілерді әшкере болмай тұрып жасырып үлгерген. Бір қызығы қару-жарақ жасырылған жерді жылдам табу үшін адамдар жанындағы ағашқа із қалдырған. Біз қаруды сол із арқылы таптық.Алматы қаласы бойынша ЛА-155/18 ҚАЖД мекемесі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары Азамат Аманжолов.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: