Алматы облысындағы жолдардың бойында фоторадарлар пайда болды

Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 18:58 Сурет: unsplash
25 желтоқсаннан бастап Алматы облысындағы жол апаты жиі орын алатын қауіпті әрі рұқсат етілген жылдамдық белгісі жоғары жол учаскелерінде "Крис-П" мобильді фоторадар кешендері орнатыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысының полиция департаменті атап өткендей, бұл жүйе жол қауіпсіздігін жақсартуға, қала жолдарындағы апатты азайтуға, жол-көлік оқиғалары кезіндегі өлім-жітім санын төмендетуге, келтірілген залалды кемітуге және жүргізушілердің көлік тәртібін жақсы меңгеруіне мүмкіндік береді.

Одан бөлек, жүйе "Борышкер" ЖМК-ны пысықтауда қолданылатын болады, оның шеңберінде облыстың барлық аумағында, оның ішінде республикалық автожолдарда борышкерлерді мақсатты түрде анықтау үшін рейдтер жүргізілетін болады.

Облыстық ПД ең қауіпті деп Алматы – Көкпек – Көктал және Алматы-Бішкек тас жолдарын атады. 

Видеосы мына арада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: