Шымкентте қарулы ер адамды залалсыздандырған полицейге 2 айлық көлемінде жалақы берілді
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте қарулы адамды бірінші болып залалсыздандырған жедел уәкіл Арман Әріпжановқа көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін екі есе көлемде жалақы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкенттегі атыс кезінде Арман оқиға орнына жақын маңда жүрген. Полиция капитаны көшеде оқ атылған жаққа тез ұмтылып, қаскөйдің назарын өзіне бұра отырып, оны ұстап алған. Құқық қорғау органдарының айтуынша, қарулы адам оған оқ атқысы келген, бірақ полицейдің кәсіби шеберлігінің арқасында оған мүмкіндік бермеген, деп хабарлайды otyrar.kz.
"Ол кезде ұрлық ісімен айналысып, әріптесім екеуміз бейнебақылау кадрларын қарап отырғанбыз. Бір уақытта оқ атылғанын естідім, бірден көшеге шықтым. Оқиға орнында студенттер көп болды, олардан бұл арада тез кетуін сұрадым. Содан кейін қылмыскердің артынан жүгіре жөнелдім, ұрымтал сәтті пайдаланып, оны патрульдік полицияның көлігінде ұстап алдым. Әріптестерім оның көңілін бөліп, назарын өздеріне аудартқанда шалт қимыл жасадым. Ол мені атқысы келді, бірақ одан мен жылдам болып шықтым. Қаруын қағып түсірдім. Қорқыныш болған жоқ, Мен өз жұмысымды жасадым. Басты мақсат қарулы қылмыскерді залалсыздандыру болды. Менің ойымша, бұл - әр полицейдің халқы алдындағы борышы. Полицей болу-менің бала кезімдегі арманым", - деді Шымкент қаласы ПД Тұран АПБ жедел уәкілі Арман Әріпжанов.
Шымкент полиция департаменті ІІМ-ге Арман Әріпжановты Құрмет грамотасымен марапаттау жөнінде сұраным жолдады. Полиция капитаны дәрежесін көтермелеу жағын да Ішкі істер министрлігі шешеді.
Бұған дейін Шымкентте атыс болғандығы туралы хабарланған болатын. Қарулы адам қару-жарақ дүкенін тонағысы келген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript