Желіде ақшаны тиімді инвестициялауды "үйретіп" жүрген алматылық жігіт ұсталды

Алаяқтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2023 20:22 Сурет: polisia.kz
Алматы қаласының шетінде тұратын 24 жастағы Л. есімді азамат ақшаны тиімді инвестициялауды үйретіп, әлеуметтік желіде емін-еркін әрекет еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тергеудің алдын ала мәліметтері бойынша, жас жігіт қаржылық интернет-алаңда ақшаны көбейтемін деген желеумен капиталын ұлғайтқысы келгендерден ақша алған, бірақ уәдесін орындамаған. Ол “клиенттерге” төлемнің қабылданғанын растайтын құжаттарды, түбіртектерді бермеген. Мәселен, қылмыстың бір эпизодында бөтен адамның 4 млн теңгесі Л. есімді азаматтың олжасына айналды", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа эпизодтарға қатыстылығы анықталып жатыр. Осы мақсатта бұл адамды таныған азаматтардан мына телефондар арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-708-196-51-20; 8-702-445-39-69

Аудан басшылығы күдіктінің әрекеті тергеуде ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) квалификацияланғанын хабарлады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: