Екібастұзда кәсіпкерге ақша төлегісі келмеген медициналық ұйым жазаланды
Сурет: akorda.kz
Екібастұзда аурухана қызметкері сөгіс алды. Оның үстінен Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жеке кәсіпкер шағымданған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекеттік сатып алу шеңберінде орындалған міндеттемелер бойынша "Екібастұз қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК ақшалай қаражатын төлемеуге қатысты жеке кәсіпкер жүгінді. 23 тамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның араласуынан кейін аталған медициналық ұйым өзінің қателігін мойындап, кәсіпкерге 349 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат төледі", деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Өз кезегінде "Екібастұз қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК экономисі сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Айта кетсек, егер кәсіпкер сыбайлас жемқорлық көріністерімен әкімшілік кедергілерге тап болса, ол өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің 37-85-86 нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласа алады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript