Жаңалықтар тізбегі
0

Әділет министрлігі үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмысы жоспарының жобасын дайындады

Әділет министрлігі үкіметтің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмысы жоспарының жобасын дайындады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2023 11:56 Сурет: Алматы әкімдігі
Жоспар жобасымен 2024 жылы цифрлық технологияларды, әлеуметтік саланы, зияткерлік меншік саласын, инновациялық қызметті, ғарыш саласын және басқа да салаларды дамыту сияқты өзекті бағыттар бойынша 16 заң жобасын әзірлеу көзделген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспарланған 16 заң жобасының ішінен 2 Заң жобасы бұрын реттелмеген қоғамдық қатынастарды регламенттеуге бағытталмақ (Цифрлық кодекс және "Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы").

"Атап айтқанда, "Digital Bridge 2023" форумында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы әлемдік озық тәжірибеге жауап беретін, нарықтың қажеттіліктерін де, азаматтардың мүдделерін де ескеретін, заманауи құқықтық реттеуші базаны, оның ішінде Цифрлық кодекс жобасын да әзірлеу жөнінде ауқымды міндет қойды. Уақыт талаптарына сай, білім және ғылым саласын дамыту және университеттерді тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында нысаналы капитал қоры туралы Заң жобасын әзірлеу ұсынылады". Әділет министрі Азамат Есқараев

Заң жобасын қабылдау қоғамдық қатынастарды реттеуге және нысаналы капитал қорлары саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілеуге, сондай-ақ олардың қызметі мен ұйымдастырылуының нақты жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бірқатар заң жобалары 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасынан туындайды – бұл жер қойнауын пайдалану және норма шығару саласы мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

"Өз кезегінде, Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Заң жобасын әзірлеу Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасынан туындайды. Бұдан басқа Жоспардың жобасы республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы жыл сайынғы негізде әзірленетін заң жобаларын көздейді. Осылайша, Жоспар жобасы мемлекеттік реттеудің өзекті міндеттерін шешу үшін қажет заң жобаларын қамтиды және мемлекет дамуының саяси бағытымен сай келеді". Әділет министрі

Жоспар жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді. "Құқықтық актілер туралы" Заңға сәйкес Жоспардың жобасын Мемлекет басшысымен келісуге жіберу ұсынылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: