GRECO Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғаш рет баяндама жариялады
Еуропалық кеңес шеңберінде жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы Қазақстан жөнінде алғаш рет баяндама жариялады. Біріккен бірінші және екінші раундтарының қорытындылары бойынша түзілген Бағалау баяндамасында мемлекеттерге ұсынылған ұсынымдарды орындауда қол жеткізілген прогрестер бағаланады (2022 ж.).
Баяндамада Қазақстанның сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және оған қарсы күреске бағытталаған шараларда Еуропалық кеңестің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын сақтауы бағаланады. Атап айтқанда, тәуелсіз болуына, өкілеттігіне, қаражаттарына қарамастан сыбайлас қылмыстарды ескертуге жауапты ұлттық органдар; сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша тергеуге тарту және сот қудалауына иммунитеттер беріктігі және оның қолданылу аясы; сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді бұғаттау және тәркілеу мүмкіндіктері; мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша жауапкершілігі де бағаланады
"Аталған топ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің саяси күн тәртібіндегі басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін қанағаттанушылықпен қабылдайтындарын айтады, бұл есептік кезеңде қабылданған заңнамалық және институционалдық шаралармен расталады", делінген баяндамада, алайда, "ұсыныстардың көпшілігі билік тарапынан неғұрлым батыл іс-қимылдарды талап ететіні де" атап өтіледі.
GRECO Қазақстан біріккен бірінші және екінші раундтарының қорытындылары бойынша түзілген Бағалау баяндамасында қамтылған 27 ұсынымның төртеуін қанағаттанарлық түрде орындады немесе қанағаттанарлық түрде ескерді деген қорытындыға келеді.
Орындалған ұсынымдар сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатысты мәселелер бойынша прокурорлар мен судьяларды даярлау деңгейін арттыруға; қылмыстық кірістерді қадағалау және түпкілікті бенефициарлық иелерді анықтау тетіктерін нығайтуға, сондай-ақ дәлелдеу ауыртпалығын қайта қарауға; мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы Әдеп кодексін одан әрі егжей-тегжейлі нақтылауға; ақырында, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәселелер туралы салық органдарының хабардарлық деңгейін арттыруға қатысты болып келеді.
GRECO Қазақстан билігінен 2025 жылдың 30 қыркүйегіне дейін орындалмаған ұсынымдарды орындау бойынша қосымша ақпарат беруді сұрайды.