Түркістан облысында ақша бопсалады деген күдікпен оқиға орнында блогер ұсталды
Сурет: pexels
Түркістан облысында полиция жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ер адамның әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткенін анықтады.
"Жедел уәкілдер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданындағы дәмханалардың бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.
Бұған дейін Өскеменде дөкей блогер полицейлерден де ақша бопсалағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript