Қазақстанда азаматтыққа қабылдау кезінде мемлекеттік тілді білу талаптары өзгертілді

Паспорт гражданина РК, документы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 14:04 Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрінің м.а 2025 жылғы 20 тамыздағы бұйрығымен ҚР азаматтығына қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білу, Конституция негіздері мен Қазақстан тарихы бойынша білім көлеміне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру кезінде:

  • мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білу – кемінде 15 балл;
  • ҚР Конституциясының негіздері – кемінде 20 балл;
  • Қазақстан тарихы – кемінде 15 балл болуы тиіс.

Бұрынғы талап бойынша мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде білу – кемінде 36 балл, ал Конституция негіздері – кемінде 9 балл болуы қажет болған.

Бұйрық 2025 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: