Банктердің қарыз алушының борыштық жүктемесін есептеуі: өзгерістер енгізілді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 13:06 Фото: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 22 тамыздағы қаулысымен Банк және микроқаржы қызметін реттеу мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті нормалар мен лимиттерді есептеудің нормативтік мәндері мен әдістемесінде банк капиталының мөлшері бірнеше тармақ жаңа редакцияда баяндалған.

Мәселен, банк Қарыз алушының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеуді (туралы) шешім қабылдағанға дейін жүзеге асырады:

  • кредиттік картаның кредиттік лимиті немесе талаптарында кредиттік лимит шеңберінде қарыз алушыға кредит беру көзделген төлем картасы шеңберінде қарыз беруді қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру, оның ішінде ашық кредиттік желі шеңберінде қарыз (қарыздың бөлігін) беру;
  • қарыз алушыға кредиттік желі ашу (кредиттік лимитті белгілеу);
  • қарыз алушыға жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру;
  • қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келетін қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызы талаптарын өзгерту туралы шешімдер қабылданғанға дейін қарыз алушының борыштық жүктемесі коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

Банктің қарыз алушыға қарыз алу уақытын өзі анықтауға мүмкіндік беретін талаптармен, бірақ кредиттеудің осындай нысанына арналған банктің ішкі кредиттік саясаты туралы қағидаларында және шартта айқындалған сомасы және уақыт шегінде қарыз алушыны кредиттеу міндеттемесі кредиттік желі деп түсініледі.

Кредиттік желінің шекті сомасы кредиттік лимит (оның ішінде кредит/төлем карталары бойынша) деп түсініледі.

Банктің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін пайдалануға ниеттенетін немесе пайдаланатын Қазақстан Республикасының резидент – жеке тұлғасы қарыз алушы деп түсініледі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары қарыз алушыларға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ кейіннен мұндай құжаттарды және мәліметтерді талдау нәтижелерін банктің бағдарламалық қамтылымында және (немесе) қарыз алушының кредиттік досьесінде сақтай отырып, қарыз алушының кәсіпкерлік қызметін растайтын құжаттарды және (немесе) өзге де мәліметтерді ұсыну жағдайларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты мақсаттарға дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларға берілген қарыздарға қолданылады.

Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау жөніндегі талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында жасалатын банктік қарыз шарттарына қолданылмайды.

Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейін сақтау жөніндегі талап қарыз 2025 жылғы 1 қаңтардан 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алған кезеңде:

  • пайдалануда болмаған және Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет тіркелетін және қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын жаңа автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;
  • бастапқы жарнасы осы автокөлік құралы құнының кемінде 50 (елу) пайызын құрайтын пайдалануда болған және қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;
  • бастапқы жарнасы осы автокөлік құралының құнынан кемінде 30 (отыз) пайыз болатын 3 (үш) жылға дейін пайдалануда болған және қарыз бойынша кепілді қамтамасыз ету болып табылатын автокөлік құралын сатып алу мақсаттары үшін;
  • тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберінде берілген кезде қолданылмайды.

Банк кредиттік тәуекелдерді мониторингтеу мақсатында осы тармақтың алтыншы бөлігінде көрсетілген қарыздар бойынша қарыз алушының борыш жүктемесінің коэффициентін есептеуді жүзеге асырады.

Қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейі Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде "Қаржы ұйымдарының банк операцияларының жекелеген түрлерін және басқа да операцияларды жүргізуіне шектеулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 292 қаулысымен белгіленеді.

Ойын бизнесіне белсенді тартылған адамның белгілері бар қарыз алушы, немесе соңғы 12 (он екі) айда банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам мерзімі өткен берешекке жол берген қарыз алушы үшін борыш жүктемесі коэффициентінің деңгей белгіленген қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің ең жоғары деңгейі мөлшерінің жартысын құрайды.

Банк қарыз алушыға ашылған кредит желісі шеңберінде қарызды (қарыздың бір бөлігін) қоспағанда, қарыз алушыға қарыз беру, қарыз алушыға кредит желісін ашу (кредиттік лимит белгілеу), жасалған банктік қарыз шарты (шарттары) шеңберінде қосымша қарыз беру, қарызды өтеу кестесіне сәйкес осы қарыз бойынша мерзімді төлемдер мөлшерінің ұлғаюына әкеліп соғатын қарыз алушының ашық кредиттік желісінің және (немесе) қарызының талаптарын өзгерту туралы оң шешімдерді, егер:

  • бір немесе бірнеше өлшемшарттардың негізінде айқындалатын кіріс мөлшері Бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінен және отбасының кәмелетке толмаған әрбір мүшесіне ең төмен күнкөріс деңгейінің жарты сомасынан кем болса,қарыз алушының борыш жүктемесі коэффициентінің мәні Нормативтердің 98-тармағында белгіленген мәннен асып кеткен жағдайда,қарыз алушыда банктік қарыздар бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша күнтізбелік 30 (отыз) күннен астам және (немесе) микроқаржы ұйымдары және кредиттік серіктестіктер берген микрокредиттер бойынша 1 (бір) күннен астам мерзімі өткен берешегі болған,
  • қарыз алушыда соңғы 36 (отыз алты) айда банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешегі болған,кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша мерзім 5 (бес) жылдан асатын,қарыз алушының бір немесе бірнеше банктік қарыздары немесе микрокредиттері бойынша соңғы 12 (он екі) ай ішінде қарыз алушының өз міндеттемелерін тиісінше орындауына ықпал етпеген қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда, қабылдамайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің бесінші абзацының мақсаттары үшін 2025 жылғы 1 шілдеден бастап банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша толық кешірілген берешек ескеріледі, оны банк қарыз алушының кредиттік бюродан алынған кредиттік есебі негізінде айқындайды.

Қаулы 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: