Астанада полицейлер танысының пәтерін тонаған ер адамды ұстады

Ұры, Астана, үй тонау, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 19:58 Сурет: polisia.kz
Елордада полицейлер екі тәуліктің ішінде пәтер ұрлығына қатысты істі ашты. Полицияға қала тұрғыны шағымданып, белгісіз біреудің олардың пәтеріне заңсыз кіріп, ақша мен төрт алтын сақинаны ұрлап кеткенін жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, ұры үй иелерінің жұмыста болуын пайдаланып, күндіз қылмыс жасаған. Қылмыс сәтінде көршілер де, кездейсоқ куәгерлер де күдікті адамның пәтерге кіргенін байқамаған. Жәбірленуші келтірілген жалпы залалды шамамен 1,5 миллион теңге деп бағалады.

"Сарайшық аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жәбірленушілердің 38 жастағы танысы болып шықты. Тергеу барысында ер адамның алдын ала дайындалғаны белгілі болды: ол курьер ретінде келіп, үйде ешкім жоқ екеніне көз жеткізіп, кілттің көшірмесін жасап алған. Кейін соның көмегімен пәтерге кіріп, ұрлық жасаған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу нәтижесінде ұрланған ақша күдікті тарапынан жеке қажеттіліктеріне жұмсалғаны анықталды, ал алтын әшекейлер тәркіленіп, заттай айғақ ретінде алынды", делінген хабарламада.

Полиция тұрғындарды сақ болуға, өз мүлкіңізді қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға шақырады. Егер сіз ұрлықтың немесе өзге де қылмыстың құрбаны не куәгері болсаңыз, дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласуыңызды сұрайды. 

Бұған дейін визамен байланысты алаяқтыққа қатысты Астана тұрғыны бір топ адамның 330 млн теңгесін заңсыз иеленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: