Алматыда прокуратура мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігін мемлекетке қайтарды

Алматы, прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, ғимарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 18:58 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алмалы ауданының прокуратурасы ауданы 486 шаршы метр болатын әкімшілік ғимараттың бір бөлігін заңсыз жекешелендірілгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық прокуратурасы Мемлекеттік кірістер департаменті ғимаратының бір бөлігін қайтарып алды

"2006 жылы ғимарат төмендетілген бағамен "БибиДана" ЖШС-ға сатылып, ол өз кезегінде мүлікті "Саяхат" әуе компаниясы" АҚ-ға өтеусіз тапсырған. Соттың шешімімен прокуратураның мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы қанағаттандырылды (заңды күшіне енді)", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қайтарылған ғимаратқа бағалау жүргізуде.

Айта кетсек, 2025 жылғы 3 қыркүйекте Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мегаполисте қанша заңсыз құрылыс нысандары сүрілгенін және тағы қанша нысан бұзылатынын айтып, нақты цифрлармен бөліскен болатын

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: