Алматыдағы заңсыз құрылыс: 60-тан астам нысан тағы сүрілетін болды

Сүру, заңсыз нысан, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 19:17 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
2025 жылғы 3 қыркүйекте Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мегаполисте қанша заңсыз құрылыс нысандары сүрілгенін және тағы қанша нысан бұзылатынын айтып, нақты цифрлармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері 33 заңсыз құрылыс нысаны сүрілді.

"Сот шешімімен қала аумағындағы 33 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылды. Сонымен қатар басқарманың талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет. Оларға қатысты сот шешімдері қазір қалалық Әділет департаментінде орындалу сатысында тұр", делінген хабарламада.

Заңсыз нысан, сүру, Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2025 19:17

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін сотқа 68 талап-арыз жолданды. Оның 35-інде нысандарды толық немесе жартылай бұзу көзделген.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

2025 жылғы 2 қыркүйекте Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай бизнес-форумында LRT жобасын кеңейту мүмкіндігі туралы пікір білдірген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: