Ақтөбеде 31 жастағы рэпер ұсталды

Микрофон, Ақтөбе, рэпер, ұсталды, есірткі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 19:27 Сурет: firestock.ru
Ақтөбе қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 31 жастағы рэп-орындаушы ұсталды. Ол көлік рөлінде есірткілік масаң күйде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция нақтылап өткендей, көлік рөліндегі ер адамды тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді.

"Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады. Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткілік масаң күйде басқарғанын растады", делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Бұған дейін Астанада клубта "күлдіретін газды" пайдаланғандар ұсталып, жазаға тартылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: