Қазақстанда тамызда 12 адам терроризм және экстремизм баптары бойынша сотталды
Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының 12 азаматы террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2025 жылы 4 қыркүйекте ҚР ҰҚК-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Құзырлы ведомство мәліметінше, олардың 11-і терроризм идеясын насихаттап, зорлық-зомбылықты ақтап және діни араздыққа шақырған, ал тағы біреуі лаңкестік ұйымға қосылу үшін шетелге шығуға дайындалған.
Олардың барлығы сот шешімімен кінәлі деп танылып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.
ҰҚК аталған бағыттағы жұмыстарды алда да жалғастыратын болады.
Айта кетсек, бүгін, 2025 жылғы 4 қыркүйекте Сенат депутаттары кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңды екі оқылымда мақұлдады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript