Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың тергеуге алынуына қатысты пікір білдірді
Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экс-төрағасы, бұрынғы Бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, қылмыстық іс қозғалған, сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде, қазіргі уақытта дәлелдемелік құжаттар жиналуда.
"Қазір Қайрат Қожамжаровтың қайда екендігі" туралы сұраққа ол қылмыстық тергеу барысында бәрі шешілетінін жеткізді.
"Басқа ешнәрсе айта алмаймын. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр, ол аяқталған кезде біз барлық жайтты егжей-тегжейлі жайып салатын боламыз. Қазіргі уақытта мен ешқандай ақпаратты жария ете алмаймын", - деді Ғалымжан Қойгелдиев.
2025 жылғы 6 қыркүйекте Қайрат Қожамжаровтың қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript