Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Қайрат Қожамжаров, тергеп-тексеру, қылмыстық іс, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2025 11:38 Сурет: ҚР Парламентінің Сенаты
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Бас прокуратурасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қайрат Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

"Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды", делінген хабарламада.  

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.  

Қайрат Қожамжаров әр жылдары қаржы полициясын басқарды, Ақмола облысының әкімі, Президенттің көмекшісі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төрағасы болды, сондай-ақ ҚР Бас прокуроры болып та тағайындалған

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: