Алматы қаласы көші-қон қызметінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Әлеуметтік желілерде Антикор Алматы қалалық полиция департаментінің көші-қон қызметінің шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғағаны жөнінде ақпарат тарады. Оған жуырда бір ер адам бұрынғы әйелінің дүкеніне келіп, айналаның бәріне бензин шашып, өртеп жібергені себеп болды. Әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді, ал ер адамның өзі қайтыс болды. Сондай-ақ желіде жарияланған жазбада 2021 жылы сот жәбірленушінің Ресей азаматы болып саналатынын бұрынғы күйеуін елден депортациялау туралы шешім шығарғанын, бірақ белгілі бір себептермен ол депортацияланбағанын атап көрсетеді.
"Қазіргі уақытта Алматы қалалық ІІД-нің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, соның қорытындысы бойынша көші-қон қызметі қызметркерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. ", – делінген Zakon.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында.
2022 жылғы 21 желтоқсанда ер адам таксимен бұрынғы әйелі жұмыс істейтін дүкенге екі канистр бензин алып барған. Дүкенде сатып алушыны тапаншамен қорқытып, сыртқа шығарып жіберіп, дүкенді ішінен жауып алған. Ол дүкенге және бұрын бірге тұрған әйелінің үстіне бензин шашып, от қойған. Жарылыс екпінінен есік-терезе қираған. Әйелді алдында дүкенде болған сатып алушы құтқарып қалып, ол ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.