Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда 1WIN онлайн-казиносының қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Қазақстанда 1WIN онлайн-казиносының қызметіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2023 09:27 Сурет: pexels
Елімізде заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған «1WIN» ұйымына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Алматы облысы бойынша Департаменті бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған ұйым Қазақстан аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД және алыс шетелде қызмет атқарған.

Мыңдаған жерлестерімізді заңсыз ойын бизнесіне тартып қана қоймай, онлайн платформа букмекерлік қызметті тиісті лизенциясыз атқарған.

Ақша қаражаты ғаламтор-эквайринг арқылы және аутентификациялаусыз қабылдануы, құмар ойындарға кәмелетке толмағандардың қатысуына да мүмкіндік берді.

Қазақстан заңнамасына сәйкес елде онлайн-казиноның қызметіне тыйым салынған, ал букмекерлік қызметтер тиісті лицензия болған жағдайда ұсынылады.

Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, қажетті тергеу және жедел іздестіру әрекеттері жалғасуда.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: