Желіде "лайк" басып, ақша таппақ болған ақтөбелік 2 млн теңгесінен айырылып тынды
Сурет: pexels
Қарғалы ауданының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды. Ол TikTok-тағы видеоға "лайк" басып, әрқайсысын суретке түсіргені үшін 300-ден 800 теңгеге дейін ақша табуды ұсынған Telegram-дағы жарнаманы көреді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мой город" порталының мәліметінше, ер адам тез ақша табуға болатындығына сеніп, "әкімшінің" шарттарына келісіп, оның нұсқауы бойынша әрекет еткен. Оған белгілі бір сайтқа тіркеліп, фильмдер сатып алу ұсынылған. Қаскөйлердің айтуы бойынша, оның салған инвестициясы 30% пайда әкелуі керек болған.
"Жұмыс процесі" барысында ер адам "фильм сатып алу" үшін өзіне берілген банктік карта шоттарына ақша аудара бастайды. Нәтижесінде, қаскүнемдер жәбірленушінің сенімін асыра пайдалана отырып, оның 2 млн теңгеден астам ақшалай қаражатын иемденген.
Аталған факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Бұған дейін "Реал Мадридпен" болатын матчтың билеттері сатылмас бұрын "Қайрат" маңызды мәлімдеме жасаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript